Телефон:
+7 (747) 393 25 58
Мекен-жайымыз:
Шымкент қаласы, Жолдасбеков көшесі, 53
09120100 – Емдеу ісі
Біліктілігі: 4S09120101 – Фельдшер
Колледж Білім беру қызметін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы қайта рәсімделген №КZ83LAA00013645 мемлекеттік мерзімі шектеусіз лицензиясы негізінде Емдеу ісі мамандығына 2014 жылдан бері күндізгі бөлімге студенттерді қабылдайды. Оқу мерзімінің ұзақтығы – негізгі орта білімнен кейін 3жыл, 10 айды; жалпы орта білімнен кейін 2жыл, 10айды құрайды. Алғашқы түлектер 2016-2017 оқу жылында оқуды аяқтап, 21 студент фельдшер біліктілігін алды. Жыл сайын студенттер саны артып, қазіргі таңда 510 студент 22 топта мемлекеттік және орыс тілінде білім алуда. Топтағы студенттер саны 25 тен аспайды. Әр топқа топ тәлімгері тағайындалып, олар тәрбие сағаттарында студенттерге бағыт-бағдар береді. 2017-2022 жылдар аралығында мамандықты жалпы 518студент тәмамдап, оның 1-2% ы жоғары оқу орнына түссе, 78-80%ы өз мамандығы бойынша еліміздің барлық аймағында жұмыс атқаруда. 2,3,4-курс студенттері өндірістік және кәсіптік практикадан қаламыздағы ірі мекемелерде өтіп, жетекшілерден іс-тәжірибелердің дағдыларын меңгереді.