Телефон:
+7 (747) 393 25 58
Мекен-жайымыз:
Шымкент қаласы, Жолдасбеков көшесі, 53
09160100 – «Фармация»
Біліктілігі: 4S09160101 – «Фармацевт»
Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің №482 бұйрығымен 01.06.2017 жылы Елімізде жоғары сұранысқа ие «Фармация» мамандығы ашылып, 2017-2018 оқу жылынан бастап мамандыққа студенттер қабылдануда. Оқу мерзімінің ұзақтығы – жалпы орта білімнен кейін 2жыл, 10айды құрайды. Алғашқы түлектер 2019-2020 оқу жылында оқуды аяқтап, 35 студент Фармацевт біліктілігін алды. Жыл сайын студенттер саны артып, қазіргі таңда 89 студент 5 топта мемлекеттік тілде білім алуда. Топтағы студенттер саны 19 дан аспайды. Әр топқа топ тәлімгері тағайындалып, олар тәрбие сағаттарында студенттерге бағыт-бағдар береді. 2020-2022 жылдар аралығында мамандықты жалпы 90 студент тәмамдап, оның 95% ы өз мамандығы бойынша еліміздің барлық аймағында дәріханалық мекемелерде жұмыс атқаруда. 2,3,4-курс студенттері өндірістік және кәсіптік практикадан қаламыздағы ірі фармацевтикалық мекемелерде, рецептуралық дәріханаларда және дайын дәрілік заттар дәріханаларында өтеді.