Ішкі тәртіп ережесі

Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледж білім алушыларына арналған ішкі тәртіп ережелері

Жалпы нұсқаулар

·         Колледждің ішкі тәртіп Ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және колледж Жарғысына толық сәйкестендіріліп жасалынды.

·         «Білім» Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжінің Ішкі тәртіп ережесінің мақсаты: тәртіпті нығайтумен қатар, оқу-білім үрдісінің демократиялығы мен ізгілендірілуін қамтамасыз ету; оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру.

·         Оқу жылы 1 – қыркүйектен басталады.

·         Сабақ екі ауысымда жүреді. Сабақтың басталуы: 1 ауысым – сағат 8.30-да

2 ауысым – сағат 13.00-да

·         Оқу үрдісі оқу кесетесі үрдісінің негізінде іске асырылады, оқу сағатының ұзақтығы 90 минут

·         Оқытушылар мен білімгерлер сабаққа дайындалу және оқу кабинетін сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді.

·         Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші әкімшілік, оқытушылар жауап береді, кабинет тазалығы топ жетекшісіне және топтағы кезекші білімгерге жүктеледі.

·         Колледжде болған уақытында әр білімгер өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапкершілікті өзіне алады.

 

Білімгерлердің негізгі құқықтары

·         ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай білім алуға;

·         өзінің адамдық қадір-қасиеттерін сақтауға, ар ұждан мен ақпараттық еркіндікке, жеке көзқарастары мен ой пікірлерін білдіруге;

·         колледждің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге, оның ішінде қоғамдық білімгерлік ұйымдар мен колледж әкімшілігі арқылы;

·         ақпараттық қорлар, сондай-ақ білім беру, медициналық, өзге де құрылымдардың қызметтерін ақысыз пайдалануға;

·         барлық шығармашылық жобалардың түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстары, конференциялар, жиналыстар, байқаулар мен фестивальдарға қатыса алады. Жұмыстарын түрлі мерзімді баспаларға, сондай-ақ колледждің де баспаларына жіберуге құқылы.

 

Білімгерлердің негізгі міндеттері

·         Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;

·         мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білім мен білікті терең меңгеруге;

·         оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін уақытылы орындауға;

·         ішкі тәртіп Ережесін сақтауға, тәртіпті болуға;

·         ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ старостасын, топ жетекшісін немесе бөлім меңгерушісіне хабарласуға. Егер білім алушы сабаққа қатыспағаны жайлы бөлім меңгерушісін, топ жетекшісін және топ старостасын ескертпесе ол себепсіз қалған деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда білім алушы амбулаториялық, емдік мекемелер немесе Колледж медпунктінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;

·         сабақтан себепсіз қалмауға және кешікпеуге кәмелеттік жасқа толған және кәмелеттік жасқа толмаған (ҚР «Әкімшілік құқық бұзу туралы» кодексінің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау» 127 бабына сәйкес, бір сабақты себепсіз босатқан білімгер 200 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. 10 күннен артық сабақты себепсіз босатқан білімгер жөнінде құқық қорғау қызметкерлеріне өтініш жолданатын болады)

·         колледжге талап қойылған формада келуге (ер балалар колледж ережесіне сай киім киюге, классикалық шаш үлгісі; қыздар жыртық шалбар, тізеден төмен түсетін белдемше, классикалық модельді алмастыратын биік өкшелі емес аяқ киім, колледж формасына діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынады)

·         білім алушыға ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін:

·         18 сағатқа – ескерту жарияланады;

·         36 сағатқа – сөгіс жарияланады;

·         56  сағатқа – колледжден шығарылады.

·         колледждің оқу бөлмелерінде, коридорларда және оқу базаларында толық медициналық формаларда(медициналық топтар үшін); Колледж әкімшілігімен бекітілген нұсқаулық бойынша – бейджигі бар медициналық халатпен, қалпақпен жүру керек, өзімен әрдайым студенттік билеті болуы керек. Колледждің аймағынан тыс жерлерде халатпен және қалпақпен жүруге тиым салынады;

·         зертханаларда, емханаларда, ауруханаларда, прозектураларда, кабинеттерде, сабақ өткізу барысында және оқу өндірістік практиканың өту кезінде тек қана сабақ басшысы көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасын сақтауға, суретке, ұялы телефондарға суретке және бейне түсірілімге түсіруге тиым салынады;

·         сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатынсыз кіріп шығуға;

·         колледждің барлық формаларындағы білім алушылар таңдаған мамандықтары бойынша теоретикалық білімді және практикалық дағдыларды білуге, бекітілген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, барлық емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (емтихандық сессия);

·         колледж ауласына қоқыс тастамауға(аптасына 1 рет тазалық акциясына қатысуға);

·         колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға;

·         Колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылатын ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;

·         қоқан-лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін білім алушы Колледждің білім алушылар  қатарынан шығарылады;

·         сабақ барысында тамақ және сусын ішуге және өзге де өрескел әрекеттерге баруға;

·         келісім шарт негізінде оқу ақысын уақытылы төлеуге.

 

Топ старостасының қызметіне кіреді:

·         білімгердің сабаққа келмегені және кешіккені жөнінде себептерін көрсетумен топ жетекшісіне, тәрбие бөліміне күнделікті мәлімдеме беру;

·         сабақ кестесіне диспетчер енгізген өзгерістер туралы білімгерлерге хабарлау;

·         топта кезек тәртібімен күнделікті кезекші білімгерді тағайындау

 

Білімгерлерге тыйым салынады:

·         колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз колледж аумағынан тыс жерге кетуіне;

·         колледжде спирттік ішімдік ішуге, есірткі және уландыратын заттарды қолдануға, оларды таратуға, оқу корпусының кіре берісінде, әжетханада шылым шегуге (заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндк айыппұл), түкіруге, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға;

·         колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз іс-шараларға (митингілер, шерулер, ереуілдер және т.б.) қатысуға;

·         әдепсіз сөздерді айтуға;

·         қатты, дөрекі сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, сабақ барысында дәлізде жүруге;

·         сабақ уақытында сыртқы киіммен және бас киіммен кіруге;

·         кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуға (ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы)

·         бағасы қымбат ұялы телефондарды, планшеттерді және басқа да бағалы заттарды колледжге алып келуіне

 

Оқудағы табыстары үшін мадақтау

·         жақсы үлгерімі, үлгілі тәртібі, колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін білімгерлерге келесі мадақтаулар қолданылады:

·         алғыс жариялау;

   –    сыйақы беру;

   –    бағалы сыйлықпен марапаттау

·         Мадақтау колледж директорының бұйрығымен жарияланады

 

Оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

·         Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білімгерлерге келесі тәртіптік шаралар қолданылады:

·         ескерту;

·         сөгіс;

·         қатаң сөгіс;

·         оқу орнынан шығару

·         Жазалау қолданылғанға дейін білімгерден түсініктеме алынады. Білімгердің жазбаша түрде түсініктеме бермеуі тәртіптік жазадан босатпайды.